«Қазақстан Республикасындағы коронавирус инфекциясының профилактика шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 25 наурыздағы № 16 Қаулысы (2022.12.08. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Предыдущая страница

i. Антиденелерді анықтайтын ДЭТ (бұдан әрі - АД-ДЭТ).

АД-ДЭТ организмнің вирусқа иммундық реакциясының бөлігі ретінде пайда болатын антиденелерді анықтайды. Бұл тесттер инфекция жұқтырғаннан кейін 15-21 күн аралығында өте дәл болады. SARS-CoV-2 вирусының антиденелік реакциясын түсіну әлі де дамып келе жатқандықтан, ДДҰ-ы белсенді инфекцияны емдеу және байланыста болған адамдарды қадағалауды анықтау үшін антиденелер тесттерін пайдалануды ұсынбайды. АД-ДЭТ нәтижелерін түсіндіруді сарапшы жүргізуі тиіс және бірнеше факторларға, оның ішінде аурудың мерзіміне, клиникалық көрінісіне, эпидемиологиясына және белгілі бір ортадағы инфекцияның таралуына, қолданылатын тест түріне, валидация әдісіне және нәтижелердің сенімділігіне байланысты болады. Антиденелерді тексеру жалғасып жатқан індетті тергеп-тексеру кезінде популяцияның антиденелік иммунитетін зерттеу үшін және инфекцияның таралу қарқыны мен өршу масштабын ретроспективті бағалау үшін пайдалы болуы мүмкін.

1.2 SARS-CoV-2 коронавирусының антигендерін анықтауға арналған материал - бұл жоғарғы тыныс алу жолдарының материалы (мұрын немесе назофаринс тампоны) немесе сілекей үлгілері болып табылады;

1.3 АГ-ДЭТ қолданудың ең жақсы нәтижелері аурудың бастапқы кезеңінде вирустық жүктемесі жоғары пациенттерде байқалады және олардың сенімділігі ≥ 5% деңгейінде SARS-CoV-2 ауруы бар аудандарда анағұрлым жоғары. Инфекцияның төмен жылдамдығымен немесе берілуінің болмауымен сипатталатын аудандарда АГ-ДЭТ оң нәтижесінің болжамды құндылығы төмен болады; мұндай аудандарда АГ-ДЭТ оң нәтижелерін бірінші кезекті тестілеуді өткізу немесе растау үшін ПТР қолдану ұсынылады.

1.4. ПТР референс тестімен салыстыру арқылы айқындалған ≥ 80% сезімталдықтың және ≥ 97% ерекшеліктің ең аз сипаттамаларына жауап беретін АГ-ДЭТ пайдаланылады. АГ-ДЭТ вирустың үздіксіз жаппай таралуы бар аудандарда (оң тест нәтижелерінің ≥ 5%) пайдаланылады. Инфекцияның төмен жылдамдығымен немесе берілмеуімен сипатталатын аудандарда тестілеу немесе АГ-ДЭТ оң нәтижелерін растау ПТР қолдану ұсынылады.

1.5 Оңтайлы нәтижелерге қол жеткізу мақсатында АГ-ДЭТ пайдалана отырып тестілеуді оқытылған маман орындайды.

1.6 ЭТ пайдаланып скринингтен өткен пациенттерде бақылау тестілеуі үшін ПТР пайдаланып зерттеуді тағайындау кезінде материалдың үлгілерін 2 күннен аспайтын аралықпен алу жүзеге асырылады.

2. Экспресс тестілеу мынадай санаттарға қолданылады:

2.1 Инфекция (өршу) ошақтарында жаппай тестілеу үшін ұйымдасқан ұжымдарда және жабық мекемелерде (мектептер, балабақшалар, балалар лагерлері, көрмелер, полиция, қарулы күштер, қамау орындары, қарттар үйлері, жатақханалар және т.б.). Аурудың өршуі кезінде ұжымдарда, әсіресе үздіксіз жұмыс істейтін ұйымдардың қызметкерлері мен денсаулық сақтау қызметкерлері арасында сырқаттанушылық серпінін мониторингтеу кезінде.

2.2 Пациенттерді COVID-19-ды жоққа шығармайтын белгілері бар адамдарда шұғыл емдеуге жатқызу кезінде;

2.3 ПТР тестілеуге қолжетімділік жоқ шалғай елді мекендерде.

3. Экспресс тестілеу:

3.1 стационарда төсек жанындағы тестілеу кезінде;

3.2 биологиялық қауіпсіздіктің тиісті шараларын және сақтау шарттарын қамтамасыз ете отырып, арнайы бөлінген және жарақтандырылған автомобильдерде;

3.3 жедел медициналық жәрдем бригадалары немесе жылжымалы мобильді бригадалар үйде, мектептерде, балабақшаларда, балалар лагерлерінде, көрмелерде, полиция басқармаларында, Қарулы Күштер бөлімдерінде, қамау орындарында, қарттар үйлерінде, жатақханаларда, кәсіпорындарда және т.б.;

3.4 мамандандырылған шатырларда (кабинеттерде) немесе қоршаудың мобильді пункттерінде (алғашқы көмек немесе биологиялық материалды алудың мобильді пункті);

3.5 арнайы бөлінген және жабдықталған биоматериал жинау пункттерінде орындалады.

4. Экспресс тестілеу:

4.1. Симптомдары жоқ адамдарда (адам расталған жағдаймен байланыста болған жағдайларды қоспағанда);

4.2. Жағдайлар болмаған кезде немесе олар сирек кездесетін кезде;

4.3. Тест нәтижесі пациентті басқаруға және/немесе COVID-19-мен күресу шараларын қабылдауға әсер етпеген кезде;

4.4. Әуежайларда немесе шекарадан кесіп өтудің басқа пункттерінде немесе сапар алдында скрининг жүргізу кезінде (егер АГ-ДЭТ-тің барлық оң нәтижелері МАНК көмегімен расталмаса);

4.5. Қан донорлығы және жоспарлы емдеуге жатқызу алдында скининг кезінде қолданылмайды.

5. Биоматериалдың сынамаларын алуға және тестілеуді өткізуге арналған құралдар мен материалдар:

5.1 экспресс-тест (компоненттер пайдаланылатын жиынтыққа байланысты ерекшеленуі мүмкін), оның ішінде ампуладағы экстракциялық буфер, үлгіні алуға арналған шыны түтікше, дозатор-қақпақ, стерильді тампондар, штатив;

5.2 секундомер

5.3 жұмыс үстелі

5.4 ашылғаннан кейін экспресс-тест 1 сағат ішінде қолданылады. Экспресс тестілеудің жалған нәтижелерін алуды болдырмау үшін диагностикалық процесті экспресс тест реагенттерінің жиынтығына арналған өндірушінің нұсқаулығына сәйкес үй-жайдың температурасы мен ылғалдылығы кезінде жүргізген дұрыс.

5.5 SARS CoV2 вирусының антигендеріне иммунохроматографиялық әдіспен экспресс тестілеуге арналған реагенттер жиынтығы бөлме температурасында немесе 2-4°С тоңазытқышта сақталады (реагентті сақтау жөніндегі ұсынымдармен нұсқаулықта танысуға болады). Мұздатып қатыруға болмайды (тесттің жалған теріс нәтижелерін алуды болдырмау үшін)!!!

5.6 егер экспресс тестілеуге арналған реагенттер жиынтығы тоңазытқышта сақталған жағдайда, зерттеу алдында жинақты бөлме температурасында 1 сағат ұстау қажет.

6. Материалды алу және тестті экспресс әдіспен орындау (қолданылатын экспресс-тестке байланысты):

6.1 Биоматериалдың сынамаларын алуды эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтай отырып, денсаулық сақтау ұйымының (санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің, МСАК, стационарлар қызметкерлерінің) медицина қызметкері жүзеге асырады;

6.2 Материалды жинау кезінде ЖҚҚ пайдаланылады;

6.3 Жағындылардың үлгілері тестіленушінің орналасқан жері бойынша (үйде, медициналық ұйымда, стационарларда, жұмыс, оқу, қызмет орны бойынша және т.б.) синтетикалық материалдан жасалған жасанды аппликаторы бар стерильді тампонның көмегімен (мысалы: полиэстер немесе дакрон) пластикалық стерженмен алынады;

6.4 Биоматериал сынамаларын әрбір алу алдында медицина қызметкері қолды жуудың бекітілген алгоритміне сәйкес мұқият жуады және таза бір рет қолданылатын қолғап киеді, алу ЖҚҚ-да жүзеге асырылады;

6.5 Материалды алу алдында медицина қызметкері тестті орындау үшін қажетті құралдар мен материалдарды дайындайды;

6.6 Персонал бетіне мөлдір қорғаныш экранын киюі тиіс, өйткені пациенттің мұрын-жұтқыншағынан сынама алу кезінде рефлекторлық түшкіру немесе жөтел болуы мүмкін;

6.7 Үлгілерді жинау үшін шыны түтікшелерді штативке салыңыз. Сынамаларды алу үшін әрбір шыны түтікшеге экстракциялық буфер қосу (реагенттер жиынтығына нұсқаулықта көрсетілген енгізілетін буфер саны);

6.8 Жиынтықтың құрамына кіретін тампонмен ДДҰ-ның 2020 жылғы 11 қыркүйектегі «SARS-CoV-2 вирусын анықтауға арналған диагностикалық тестілеу» уақытша ұсынымдарына сәйкес мұрын-жұтқыншақтан жағынды алу (тампон үлгісіндегі қан немесе артық шырыш тест өткізуге кедергі келтіруі және валидациясыз нәтижеге әкелуі мүмкін);

6.9 Үлгі бар тампонды алуға арналған шыны түтікшеге салыңыз. Антигенді босату үшін басын шыны түтікшенің ішкі қабырғасына тигізіп, тампонды 10 секунд бұраңыз (сынамалар бар тампондарды жинағаннан кейін мүмкіндігінше тезірек салыңыз), тампонды экстракция түтігінде 1 минут қалдырыңыз (Ескертпе: егер тез арада тестілеу мүмкін болмаса, мұрын-жұтқыншақтың жағындысын пациент туралы ақпарат, жағынды алу уақыты және тығыз жабылған таза пайдаланылмаған шыны түтікшеге салған дұрыс. Үлгіні алғаннан кейін 1 сағатқа дейін бөлме температурасында (19-24°С) сақтаңыз. Егер сынама жинау мен экспресс-тестілеу арасындағы кідіріс 1 сағаттан асса, сынама кәдеге жаратылады. Тестілеу үшін қайтадан жаңа үлгі алу керек);

 

 

6.10 Мүмкіндігінше сұйықтықты кетіру үшін тампонның басын шыны түтікшенің ішкі қабырғасына басып, тампонды алыңыз. Қолданғаннан кейін тампонды биологиялық қауіпті қалдықтарды жою туралы хаттамаға сәйкес тастаңыз;

6.11 Сынама алуға арналған шыны түтікшеге дозатор-қақпақты орнату;

6.12. Әрбір пациенттен кейін медицина қызметкері «В» класындағы медициналық қалдықтарға арналған ҚКЖҚ-на пайдаланылған материалды орналастырады, пайдаланылған тест-жолақты және қолғапты «В» класындағы медициналық қалдықтарға арналған ыдысқа кәдеге жаратады;

6.13. Әрбір пациенттен кейін медицина қызметкері «вирустық инфекциялар кезінде» ерітіндіні араластыру режимі бар қоса берілген нұсқаулыққа сәйкес дезинфекциялау режимін сақтай отырып, жұмыс беттерін (үстел, орындық немесе кушетка және т.б.) дайын дезинфекциялық ерітінділермен өңдейді;

6.14. Күніне кемінде 2 рет «вирустық инфекциялар кезінде» ерітіндіні араластыру режимі бар нұсқаулыққа сәйкес дезинфекциялау ерітіндісін қолдана отырып, үй-жайларды ылғалды жинауды және белгіленген режимге сәйкес кварцтауды жүргізу, кейіннен үй-жайды кемінде 15 минут желдету;

6.15. Жұмыс аяқталғаннан кейін медицина қызметкері ЖҚҚ-ны шешіп, оларды «В» класының қалдықтарына арналған ыдысқа салады;

6.16. ЖҚҚ шешкеннен кейін медицина қызметкері қолды жуудың бекітілген алгоритміне сәйкес қолды жылы сумен және сабынмен мұқият жуады, оларды антисептикпен өңдейді;

6.17. Ауысым аяқталғаннан кейін «вирустық инфекциялар кезінде» дезинфекциялау ерітіндісін араластыру режимімен күрделі жинау типі бойынша үй-жайларды (автомобильді) өңдеуді және белгіленген режимге сәйкес кейіннен үй-жайларды (автомобильді) кемінде 15 минут желдетумен кварцтауды жүргізу;

6.18. Экспресс-тесттің оң нәтижесін алған кезде зерттеу жүргізген персонал:

1) тестіленуші адамды хабардар етеді және оң нәтижесі бар пациент туралы медициналық ұйым басшысына немесе ҚР ДСМ СЭБК аумақтық департаментіне 2 сағат ішінде хабарлайтын жауапты адамға хабарлайды;

2) пациентті одан әрі жүргізу тактикасы пациенттің жағдайына сәйкес жүзеге асырылады (оқшаулау жағдайларын қамтамасыз ете отырып, бейінді стационарға емдеуге жатқызу немесе амбулаториялық емдеу);

3) SARS-CoV-2 вирусының таралуы төмен болған кезде жалған оң нәтижелерді болдырмау үшін ЭТ-нің барлық оң нәтижелеріне ПТР әдісімен қосымша тестілеу жүргізіледі.

6.19. Теріс нәтиже алған кезде:

1) COVID-19-ды жоққа шығармайтын және жұқтыру қаупі жоғары белгілері бар адамдарда ПТР-ға биологиялық материал алу жүргізіледі және пациентке ПТР тестілеу нәтижелерін алғанға дейін өзін-өзі оқшаулау қағидаларын сақтай отырып, үйде қалу ұсынылады;

2) ПТР тестілеудің оң нәтижесін алған кезде пациентті жүргізу және хабардар ету тактикасы 6.23-тармаққа сәйкес.

 

ІI. ИФТ әдісімен тестілеу

 

1. ИФТ әдісімен тестілеу зерттеу хаттамасына сәйкес жаңа COVID-19 коронавирустық инфекциясына ұжымдық иммунитетті анықтауға серологиялық-эпидемиологиялық зерттеу жүргізу кезінде эпидемиологиялық қадағалау мақсатында жүргізіледі.

2. COVID-19 антиденелерін анықтауға арналған материал – бұл қан сарысуы.

3. Биоматериалды алуды денсаулық сақтау ұйымының медицина қызметкері эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтай отырып жүзеге асырады.

4. Материалды жинау кезінде ЖҚҚ пайдаланылады.

5. Пациенттің қан сарысуы бар шыны түтікшесі науқас туралы барынша көп ақпаратты қамтитын жолдамамен бірге жүреді: пациенттің тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН, жасы, ауырған күні, алған күні және симптомдары, келген елі, науқаспен қарым-қатынасы.

6. Қан сарысуы бар шыны түтікше биологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып центрифугаланады. Сарысуды аликвотирлеуге жол берілмейді!

7. Тасымалдау сәтіне дейін алынған үлгілерді тоңазытқышта 2-ден 4 градусқа дейінгі температуралық режимде сақтау қажет.

8. Пациенттен алынған үлгілерді ҚР ДСМ 2021 жылғы 15 қазандағы № 105 бұйрығымен бекітілген «Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес үш қабатты қаптама талаптарын сақтай отырып, ҰСО филиалының зертханасына немесе COVID-19-ға тестілеу үшін айқындалған басқа зертханаға тасымалдау керек.

9. Зертханаларда ҚР-да диагностика жүргізу үшін тіркелген және рұқсат етілген тест-жүйелерді қолдана отырып, ИФТ (ИХЛ/АХЛ) әдісімен COVID-19 антиденелерін анықтау жүргізіледі.

10. COVID-19 антиденелерін анықтауға арналған тестілеу аяқталғаннан кейін жіберген ұйымға зерттеу нәтижелерін беру және жіберген ұйымға зерттеу нәтижелері туралы хабарлау және т.б. жүргізіледі.

11. Тестілеуді жүргізетін зертханалар белгіленген нысан мен жиілікке сәйкес тестіленген адамдардың саны мен санаты туралы есептілікті СЭБКД-не ұсынады.

12. ҚДСҰО СЭСМҒПО филиалы жекелеген жағдайларда көрсетілімдер және СЭБКД-мен келісім бойынша жіберген ұйымға зерттеу нәтижесін ұсына отырып, ИФТ (ИХЛ/ЭХЛ) әдісімен үлгілерді референс тестілеуді және референс тестілеу нәтижелері туралы аумақтық СЭБКД-ны хабарлауды жүргізеді.

13. Референттік тестілеуге жіберілген үлгілер науқас туралы барынша көп ақпаратты қамтитын жолдамамен бірге жүреді: пациенттің тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН, жасы, ауырған күні, алған күні және симптомдары, келген елі, науқаспен қарым-қатынасы, басқа зертханаларда алынған зерттеу нәтижесі (бар болса) және т.б.

14. Референттік тестілеуге жіберілген үлгілерді ҚР ДСМ 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 684 бұйрығымен бекітілген «Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес үш қаптама талаптарын сақтай отырып, ҚДСҰО СЭСМҒПО филиалына тасымалдау керек.

15. CОVID-19 антиденелерін анықтауға арналған референс тестілеу аяқталғаннан кейін жіберген ұйымға зерттеу нәтижелерін беру және жіберген ұйымға референс тестілеу нәтижелері туралы хабарлау және т.б. жүргізіледі.

 

IІI. ПТР әдісімен тестілеу

 

1. CОVID-19-ға ПТР әдісімен тестілеу медициналық ұйымның немесе СЭБК департаментінің аумақтық бөлімшесінің жолдамасы бойынша жүргізіледі. ПТР әдісімен тестілеуге мыналар жатады:

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022.12.08. № 29 Қаулысымен 1.1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1.1. Эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша:

1) COVID-19-бен инфекциялық стационарға жатқызылған адамдар;

2) ЖРВИ және пневмониямен ауыратын науқастар;

3) COVID-19 белгілері бар байланыста болған адамдар (экспресс-тестілеу жүргізу мүмкіндігі болмаған кезде).

1.2. Профилактикалық мақсатта:

1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес автомобиль өту жолдарымен Мемлекеттік шекара арқылы келетін ҚР азаматтары, ҚР аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдар, Қазақстанға кіретін адамдар;

2) мерзімдік әскери қызметке шақырылатын адамдар (жас буын) әскери бөлімдерге келуі бойынша (ревакцинация алғанын немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын құжаттамалық растауды ұсынған адамдарды қоспағанда, сондай-ақ COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды соңғы 6 ай ішінде қоспағанда);

3) ҚАЖ мекемелеріне түсетін адамдар (ревакцинация алғанын немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын құжаттамалық растауды ұсынған адамдарды қоспағанда, сондай-ақ COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды соңғы 6 ай ішінде қоспағанда);

4) медициналық-әлеуметтік мекемелерге жаңадан түсетін адамдар (ревакцинация алғанын немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын құжаттамалық растауды ұсынған адамдарды қоспағанда, сондай-ақ COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды соңғы 6 ай ішінде қоспағанда);

5) медициналық ұйымдарда практика басталу алдында медициналық жоғары оқу орындары мен медициналық колледждердің студенттері (ревакцинация алғанын немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын құжаттамалық растауды ұсынған адамдарды қоспағанда, сондай-ақ COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды соңғы 6 ай ішінде қоспағанда).

2. COVID-19-ды анықтау үшін материал аңқа мен мұрын жұтқыншақтан бөлінетін сынама, транстрахеалдық, мұрын жұтқыншақ аспираты, мұрын шайындысы, қақырық болып табылады.

3. Биоматериал сынамасын алуды эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтай отырып, денсаулық сақтау ұйымының (санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің, МСАК, стационарлар қызметкерлері) медицина қызметкері жүзеге асырады.

4. Материалды жинау кезінде ЖҚҚ қолданылады.

5. Жағындылардың үлгілері пластикалық өзектегі синтетикалық материалдан (мысалы: полиэстер немесе дакрон) жасалған жасанды аппликаторы бар стерильді тампонның көмегімен тестіленушінің орналасқан жері бойынша (үйде, медициналық ұйымда, стационарларда, жұмыс орны бойынша) алынады.

6. Бір науқастан вирустық тасымалдау ортасы бар түтікшеге материал жинау жүзеге асырылуы қажет.

7. Пациенттен алынған үлгі науқастың тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН, жасы, ауырған күні, алу күні және симптомдары, келген елі, науқастармен байланыс туралы барынша көп ақпаратты қамтитын жолдамамен бірге жүреді.

8. Тасымалдау сәтіне дейін алынған үлгілерді 2-ден 4 градусқа дейінгі температуралық режимде тоңазытқышта сақтау қажет.

9. ҚР ДСМ 2021 жылғы 15 қазандағы № 105 бұйрығымен бекітілген «Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес үш қабатты қаптаманың талаптарын сақтай отырып, пациенттен алынған үлгілерді ҰСО филиалының зертханасына немесе басқа зертханаға тасымалдау керек.

10. Зертханаларда нақты уақыт режимінде (реал-тайм) ПТР әдісімен COVID-19-дың спецификалық диагностикасы жүргізіледі.

11. COVID-19-ға тестілеу аяқталғаннан кейін зерттеу нәтижелерін жіберген ұйымға беру және зерттеу нәтижелері туралы жіберген ұйымға және АД-ға хабарлау жүргізіледі.

12. ҚДСҰО СЭСМҰҒО филиалы 2020 жылғы 21 желтоқсандағы ҚР ДСМ-295/2020 «Референс-зертханаларда зертханалық зерттеулерді өткізу сапасын сырттай бақылау ережесі» бұйрықпен бекітілген COVID-19 зертханалық зерттеулерінің сапасын қамтамасыз ету мақсатында ССБ ережесіне сәйкес жүргізіледі.

13. ҚДСҰО СЭСМҰҒО филиалы жекелеген жағдайда SARS-Cov2 вирустың циркуляциясы төмен болғанда жалған теріс және жалған оң нәтижелерді алып тастау мақсатында СЭБКД келісімімен ПТР әдісімен үлгілерді қайта тексеру (ретестілеу) жүргізіледі және жіберілген ұйымға және аумақтық СМЭБКД-іне зерттеу нәтижесі бойынша хабарлайды.

14. Сапаны сыртқы бағалау (зертханааралық салыстыру сынақтары (кәсіптік тестілеу) тестілеуді эпидемиологиялық мақсатта, профилактикалық мақсатта және эпидемиологиялық қадағалау шеңберінде жүзеге асыратын зертханалар үшін жүргізіледі.

 

ІV. SARS CoV-2 вирустарының молекулалық-генетикалық мониторингі

 

1. Патогендердің генетикалық өзгергіштігін, олардың таралуы мен шығу тегін мониторингілеу үшін екінші буын секвенирлеу әдісін пайдалану диагностикалық тесттерді қоса алғанда, медициналық қарсы шаралардың тиімділігіне әсер етуі мүмкін.

2. Вирустың толық геномдық секвенирлеуін жүргізетін зертханалар ведомстволық тиістілігіне қарамастан:

- COVID-19 коронавирус инфекциясын диагностикалау және емдеу бойынша тиімді шараларды әзірлеу үшін секвенирлеу нәтижелері туралы ҚР ДСМ хабардар етуі;

- нуклеотидтер тізбегін GISAID дерекқорына сақтау беру қажет.

3. ҚДСҰО вирустық инфекцияларды бақылау жөніндегі референс зертхана GISAID дерекқоры арқылы SARS CoV-2 вирусының мутациясына мониторинг жүргізуі және ҚР ДСМ-ге есеп беруі қажет.

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік санитариялық

дәрігерінің

2022 жылғы 25 наурыздағы

№ 16 қаулысына

9-қосымша

 

 

COVID-19-ды жұқтыру тәуекелі жоғары болған адамдар үшін оқшаулау тәртібі

 

І. COVID-19-ды жұқтыру тәуекелі жоғары болған адамдарды оқшаулау тәртібі

1. COVID-19-бен ауыратын пациентпен жақын байланыста болған адамдарда CОVID-19-ды жұқтыру тәуекелі жоғары болады.

COVID-19 расталған жағдайының жақын байланысы:

- COVID-19-бен ауыратын науқаспен бір тұрғын үйде бірге тұратын адам;

- COVID-19-бен ауыратын науқаспен немесе COVID-19 жағдайының инфекциялық бөлінділерімен қорғалмаған тікелей байланыста болған адам (мысалы, жөтелу, қол алысу кезінде және т.б.);

- COVID-19 жағдайына тікелей күтімді қамтамасыз ететін медицина қызметкері немесе басқа да адам немесе ұсынылған ЖҚҚ-сыз не ЖҚҚ-ны қолдануды бұзу мүмкіндігімен COVID-19 жағдайының биоүлгілерімен жұмыс істеген зертхана мамандары;

- ұшақта, қалааралық қатынастағы автобуста, поезда, COVID-19-бен ауыратын науқастан кез келген бағытта екі орындық қашықтықта болған байланыста болған адам, сондай-ақ COVID-19-бен ауыратын науқас ұшқан ұшақтың секциясына қызмет көрсеткен экипаж мүшелері ретінде айқындалады.

Жақын байланыста болғандарды анықтау үшін эпидемиологиялық байланыстарды тергеп-тексеру кезеңі COVID-19 жағдайы анықталғанға дейін 3 тәулік бұрын басталуы және COVID-19-бен ауыратын науқасты оқшаулау сәтімен аяқталуы тиіс.

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022.12.08. № 29 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Байланыста болған адамдар үй карантиніне оқшауланбайды, COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізілмейді. Аурудың белгілері пайда болған кезде байланыста болған адам COVID-19-ға зертханалық тексеруге және зертханалық тексеру нәтижелерін алғанға дейін үйде оқшаулауға (үй карантині) жатады. COVID-19 диагнозы расталған кезде МСАК маманы COVID-19-бен ауыратын науқас туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесіне шұғыл хабарлама береді.

Орта білім беру ұйымдарында, колледждерде және жоғары оқу орындарында карантин енгізудің сараланған әдісі қолданылады. 1 инкубациялық кезеңде COVID-19 топтық ауруы жағдайы тіркелген кезде 10 күнге дейін үй карантиніне оқшаулау енгізіледі:

- сыныпқа (топқа) - бір сыныптағы (топтағы) балалар арасында сынып (топ) санының 30%-дан астамында тіркелген кезде;

- ауысымға - бір ауысымдағы сыныптардың 30%-дан астамында тіркелген кезде;

- ағым - колледждерде, жоғары оқу орындарында бір ағымдағы топтардың 30%-дан астамында тіркелген кезде.

Үй карантині аяқталғаннан кейін сабаққа жіберу COVID-19-ға ПТР әдісімен зертханалық зерттеу жүргізбестен жүзеге асырылады. Білім алушыларды сабаққа жіберу үшін білім беру ұйымдарына баруға медициналық қарсы көрсетілімінің жоқ екендігі туралы дәрігердің медициналық қорытындысы талап етілмейді.

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022.12.08. № 29 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Симптомсыз вирус тасымалдаушылық кезінде (ПТР-дің оң нәтижесі анықталған сәтте клиникалық белгілері жоқ адамдар) пациент амбулаториялық жағдайларда МСАК қызметкерлерінің медициналық бақылауына және үйде оқшаулауға жатады.

10 тәулік өткеннен кейін ауру белгілері болмаған жағдайда үй карантині аяқталады.

Клиникалық симптомдар болмаған кезде 7 күн ішінде COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізуге жол беріледі. Зертханалық тексерудің нәтижесі теріс болған кезде үй карантині аяқталады. Зертханалық тексерудің оң нәтижесі кезінде бақылау оқшаулау сәтінен бастап 10 тәулік өткенге дейін жалғасады. 10 тәулік өткеннен кейін ауру белгілері болмаған кезде үй карантині аяқталады.

Карантин аяқталған кезде МСАК маманы симптомсыз вирус тасымалдаушыға COVID-19-дың профилактика шараларын сақтау қажеттілігі (медициналық немесе матадан тігілген масканы, антисептиктерді пайдалану, қол гигиенасы) туралы ұсынымдар береді.

Үй карантиніндегі симптомсыз вирус тасымалдаушыда аурудың клиникалық белгілері пайда болған кезде МСАК маманы COVID-19-бен ауыратын науқас туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесіне шұғыл хабарлама береді.

Шұғыл хабарламаны қабылдаған Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесі осы COVID-19-бен ауыратын адамды тіркеуді және есепке алуды жүзеге асырады, оны симптомсыз вирус тасымалдаушылардың есебінен шығарады, сондай-ақ симптомсыз вирус тасымалдаушылық жағдайларының манифестік нысандарға (симптомдары бар жағдайлар) көшуінің жеке статистикасын жүргізеді.

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік санитариялық

дәрігерінің

2022 жылғы 25 наурыздағы

№ 16 қаулысына

10-қосымша

 

 

Үйде оқшаулау (үй карантині) жағдайлары

 

Үй карантинінің мақсаты - аурудың ықтимал көзінен COVID-19-ды ықтимал жұқтырудың алдын алу және осылайша Қазақстанның аумағында коронавирустың таралуын болдырмау.

 

Үй карантинін ұйымдастыру үшін тұру жағдайларына қойылатын талаптар:

 

1. Үй карантинін сақтау жағдайларын міндетті орындау туралы қол қойылған қолхаттың болуы.

2. Адам үй карантині режимін сақтау жөнінде өзіне міндеттеме алады және қолхатта жеке қол қоюымен растайды. Үй карантині режимін бұзған адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

 

Үй карантиніндегі адамға арналған нұсқаулықтар

1. Үйден шықпау.

2. Түшкіру немесе жөтелу кезінде ауызды және мұрынды, вирустың таралуын болдырмау үшін бір рет қолданылатын сулықпен жабыңыз. Осыдан кейін қолды сабынмен жуу немесе оларды спирт негізінде антисептикпен өңдеу керек. Үнемі тығыз жататын медициналық масканы кию және оны әр 2 сағат сайын ауыстыру керек.

3. Тамақтану алдында, сондай-ақ дәретханаға барғаннан кейін қолды сабынмен жуу немесе спирт негізіндегі антисептикпен өңдеу керек. Қолды сүрту үшін бір рет қолданылатын сулықтарды пайдаланған дұрыс.